Іс-шаралар » Страница 7 » « №35 М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(725) 2955768
Есепші бөлімі:
+7(725) 2955768
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құқық бұзушылықтың алдын алу
03
май
2023
Құқық бұзушылықтың алдын алу
«Мейірім-жүректен» айлығының жоспарына сай Тұран ауданының прокуратурасының прокуроры Абдикадиров Серік, Тұран ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Молдыбаев Нұржігіт және полиция капитаны Ташен Мөлдір 8-11 оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 
"ZHASYL EL" атты экологиялық акциясы өткізілді.
02
май
2023
"ZHASYL EL" атты экологиялық акциясы өткізілді.
«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық-мәдени ағартушылық  жобасы аясында "ZHASYL EL" атты экологиялық акциясы өткізілді. Акцияға мектептің 11 сынып түлектері  белсене қатысып,  гүл отырғызу, көгалдандыру  жұмыстарын жүргізді. 
"Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан" ашық сабақ
28
апрель
2023
"Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан" ашық сабақ
 "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін" мерекелеу мақсатында  "Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан" тақырыбында 1-11 сыныптарымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты оқушыларға  1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту.
"Мейірім-жүректен" айлықтың жоспары негізінде қазақ және орыс тілдерінде эссе жазылды.
26
апрель
2023
"Мейірім-жүректен" айлықтың жоспары негізінде қазақ және орыс
"Мейірім-жүректен" айлықтың жоспары негізінде қазақ және орыс тілдерінде «Мейірімділік-жүректен, қайырымдылық-білектен» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына шығарма, «Жүректі жылытар мейірім» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары мазмұндама, «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары арасында диктант жаздыру жұмыстары ұйымдастырылды.  
"Мейірім-жүректен" атты айлықтың ашылуы
26
апрель
2023
"Мейірім-жүректен" атты айлықтың ашылуы
1-11 сыныптарымен "Мейірім-жүректен" атты айлықтың ашылуына орай "Мейірімділік жүректен басталады" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі мейірімілік туралы жан жақты ой қозғау, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор бола білуге баулу,әділдікке тәрбиелеу.
Қыздар жиналасы өткізілді.
13
апрель
2023
Қыздар жиналасы өткізілді.
Қыздар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қыз тәрбиесі жөнінде түсінік беру мақсатында мектеп директоры Карабаева Жайна Амантаевна 8-10 сынып қыздарымен жиналыс өткізді.  Қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, қыздардың дұрыс сырт келбеті туралы кеңестерін берді.  
Ағаштардың түптерін босату және тазалық жұмыстары
13
апрель
2023
Ағаштардың түптерін босату және тазалық жұмыстары
Мектеп парламенті бастамасымен мектеп айналасындағы ағаштардың түптерін босату және тазалық жұмыстарын жүргізді. Мектеп оқушылары мектеп айналасын көгалдандыруға белсене атсалысты.
8-10 сыныптардың ұл балалар жиналасы
12
апрель
2023
8-10 сыныптардың ұл балалар жиналасы
8-10 сыныптардың ұл балалар арасында мектеп директоры Карабаева Жайна Амантаевна  жиналыс өткізді.  Мақсаты бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы ең өзекті мәселе болып отырған  құқық бұзушылық, буллинг және кубербуллинг, мектепішілік қарым- қатынас пен психологиялық ахуалға бақылау жасау. 
Шахмат челленджі өткізілді.
11
апрель
2023
Шахмат челленджі өткізілді.
Интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған спорт түрі -шахмат челленджі өткізілді. Челленджге  2-11 сыныптарынан  130 оқушы, 16 мұғалім қатысты. 
"Жер сілкінісі болған жағдайындағы іс- әрекет" тақырыбында сынып сағаттары мен оқу-жаттығулары өткізілді.
07
апрель
2023
"Жер сілкінісі болған жағдайындағы іс- әрекет" тақырыбында сынып
 "Жер сілкінісі болған жағдайындағы іс- әрекет" тақырыбында сынып сағаттары мен оқу-жаттығулары өткізілді.