30
октябрь
2020
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Мәметова атындағы №35 ЖОББМ биылғы оқу жылында өз қоржынын тағы да бір жүлделі орынға толықтырды.





Абай – ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, аудармашы, сазгер, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерін өскелең ұрпақтың санасына, ұлт болмысына, білімі мен бітіміне, дүниетанымын, мінезін, діні мен ділін рухын дамытуда үлес қосу мұғалімнің міндетті деп білеміз. Біз өз шәкірттерімізге Абай мұрасын кең насихаттап, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамытуда аянбай күш салудамыз. Абай қазақ елінің дамылсыз оқып-үйренгенін жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтып өтті. Осы нақыл сөзін ұран етіп, шәкірттерді білімге баулыдық. Соның нәтижесінде қазіргі таңда халықаралық деңгейде өтілген сайыста топ жарған оқушыларымыз үшін қуаныштымыз. Атап айтсақ: 11 «Б» сынып оқушысы Салимов Шохер (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серікбай Жанат Қалдыбайқызы ) 8 «В» сынып оқушысы Алпамыс Аяулым мен Абдрасилова Чаростың еңбектері жоғары бағаланды. Оқушылар өз өлеңдерімен халық көңілінен шыға білді. Қазылар алқасы балалар еңбегін бағалап, «Бірінші дәрежелі» диплом және «Абай» төсбелгісімен марапаттады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Куатбекова Динара Төлегенқызы тек шәкірттерін дайындап қана қоймай өзі де осы бәйгеден көріне білді. Мұғалім ақындық қырынан көрініп, халықаралық байқаудың жеңімпазы атанып, «Бірінші дәрежелі» диплом мен «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісімен марапатталды. Мұғалім мен шәкірттердің жұмыстары «Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы» атты халықаралық байқауының материалдар жинағына жарияланды.