01
сентябрь
2022
1-ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
1-ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
М.Маметова атындағы №35 жалпы орта білім беретін мектебінде 1қыркүйек- Білім күніне арналған «БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шарада Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, инфрақұрылым бөлімінің басшысы Шынтасов Дархан Алишерович пен мектеп директоры Карабаева Жайна Амантаевна ата-аналар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, өз тілектерін білдірді.